Меркі аудандық көпбейінді ауруханасының ағынды суларды тазарту жүйесі тексерілді

Меркі аудандық көпбейінді ауруханасының ағынды суларды тазарту жүйесі тексерілді

Меркі аудандық көпбейінді ауруханасының ағынды суларды тазарту жүйесі тексерілді

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының инфрақұрылымымен танысты. Атап айтқанда, ұзақ уақыттан бері әлеуметтік желіде сынға ұшырап келе жатқан ағынды суларды тазарту жүйесі назарға алынды.

Тазарту жүйесі бірнеше кезеңнен тұратын кешенді технология арқылы жұмыс істейді. Алдымен су механикалық торлы сүзгі арқылы өтеді, содан кейін теңестіру резервуарына жіберіліп, ағын бірқалыпты болады. Аноксикалық және аэробты резервуарларда бактериялар суды биологиялық тұрғыда тазалап, тұндырғышта ауыр бөлшектер шөгеді. Соңында су ультракүлгін сәулемен зарарсыздандырылады және экологиялық талаптарға сәйкес кәріз жүйесіне немесе су қоймасына жіберіледі.

Сержан Назарбек жүйенің толық аяқталуын және оның алдағы жұмыс процесін тексеріп, аурухана бас дәрігері Гүлнұр Қазанғаповадан бұл жүйені тұрақты бақылауды ұстап, қайта мәселе туындамас үшін жұмысты тиімді ұйымдастырып отыруды тапсырды.