Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласының ардагерлері жаңа Конституция жобасы мен медицинаның даму бағыттарын талқылады

Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласының ардагерлері жаңа Конституция жобасы мен медицинаның даму бағыттарын талқылады

Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласының ардагерлері жаңа Конституция жобасы мен медицинаның даму бағыттарын талқылады

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетованың төрағалығымен өңірдің денсаулық сақтау саласы ардагерлерімен кездесу өтті.

Жиынға Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек, «AQ JOL» газетінің редакторы, облыстық мәслихат депутаты Оралхан Дәуіт, сондай-ақ медицина саласының ардагерлері қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы кеңінен талқыланды. Аталған тақырып бойынша негізгі баяндаманы Айжан Есмағамбетова жасап, кейін Оралхан Дәуіт сөз алды. Жаңа Конституцияның маңызы мен мәні, алдағы өзгерістердің негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді.

Өз кезегінде денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындыларына тоқталып, 2026 жылы халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған басым міндеттерді айқындады.

Жиында ардагерлердің пікіріне айрықша мән берілді. Сөз алған Сағындық Ордабеков пен облыстық медицина қызметкерлері ардагерлер кеңесінің төрайымы Тұрсынкүл Әшірбаева саладағы көпжылдық тәжірибелерімен бөлісіп, өңірлік денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

Медицина мамандары өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сауалдарын жолдады. Ашық форматта өткен кездесуде барлық сұрақтарға нақты әрі толыққанды жауаптар берілді.

Жиын соңында қатысушылар 15 наурыз күні өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырылды. Бұл күн ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін маңызды екені атап өтілді.

Референдумға қатысу — ортақ жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстанымның айқын көрінісі екені айтылды.