«Zhanshuak Medical Group» ЖШС-де онкологиялық көмек көрсету бойынша мониторинг жүргізілді

«Zhanshuak Medical Group» ЖШС-де онкологиялық көмек көрсету бойынша мониторинг жүргізілді
«Zhanshuak Medical Group» ЖШС-де онкологиялық көмек көрсету бойынша мониторинг жүргізілді
2023–2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында, Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының мониторинг және бағалау топтарының жұмыс жоспарына сәйкес, Жамбыл облысындағы бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында«Zhanshuak Medical Group» ЖШС-не барды.
Мониторинг тобы құрамында топ жетекшісі – стратегиялық даму жөніндегі директордың орынбасары Александр Тин, хирург-дәрігер, «Zhanshuak Medical Group» ЖШС кураторы Қайрат Төлешев және дәрігер-сарапшы Досмұхан Атамбай болды.
Мониторинг барысында онкологиялық қызметтің ұйымдастырылуы, қарау кабинеттерінің жұмысы, «жасыл дәліздің» жұмыс істеуі, сондай-ақ онколог және маммолог кабинеттерінің қызметі тексерілді.
Қорытындысында 2025 жыл және 2026 жылдың қаңтар айындағы жұмыс нәтижелері сараланып, халыққа көрсетілетін онкологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар берілді.