Дәрі-дәрмектің уақтылы жеткізілуі үшін бірлескен жұмыс пысықталды

Дәрі-дәрмектің уақтылы жеткізілуі үшін бірлескен жұмыс пысықталды

Дәрі-дәрмектің уақтылы жеткізілуі үшін бірлескен жұмыс пысықталды

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек «СК-Фармация» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбековпен бірге «Әмір және Д» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді.
Жиын барысында компания мен ХиТ қызметі арасындағы WMS/TMS жүйесін енгізу мәселелері қаралды. «Әмір және Д» ЖШС басшысы Қарлығаш Қаймолдаева жүйенің жұмысын жетілдіру, тиімділігін арттыру және процестерді оңтайландыру бойынша жоспарларымен таныстырды.
Басқарма басшысы серіктестікті нығайтуға, бірлесе жұмыс істеуге және ұсыныстарды біріктіре отырып, өңірдегі дәрілік қамтамасыз ету сапасын арттыруға шақырды.
Сонымен қатар өңірдегі дәрілік қамтамасыз ету жүйесінің қазіргі жай-күйі қаралып, дәрілік заттардың қолжетімділігі, жеткізу мерзімдері мен медициналық ұйымдардың қажеттілігін уақытылы қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Тараптар дәрілік заттарды жеткізу логистикасын жетілдіру, медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылды үйлестіру және жүйелі бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында өзекті мәселелерді шешу жолдары бойынша пікір алмасу жүріп, өңір тұрғындарын дәрілік заттармен тұрақты қамтамасыз ету міндеті тағы да басты назарға алынды.