
«Januia medical center» ЖШС мекемесіндегі онкологиялық қызметке және «жасыл дәліз» жұмысына талдау жасалды
Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының (ЖОКБОжХ О) іс-шаралар жоспарына сәйкес Januia medical center» ЖШС (№1 емхана) мекемесіне директор Жандос Сейдахметов, мамандандырылған консультативтік-диагностикалық бөлімнің жетекшісі Кенжехан Беккулиев, дәрігер-сарапшы Канат Ниязбеков және медициналық статистик Элмира Шалхарбаева талдау жасап, 2025 жылдың қорытындысы және 2026 жылдың қаңтар айы бойынша онкологиялық қызметтің жағдайы, 2023–2027 жылдарға арналған онкологиялық бағдарлама аясындағы индикаторлардың орындалуы, ахуалдық орталықтың жұмысы, «жасыл дәліздің» қызметі және скринингтік бағдарламаның орындалуына зерделеу жасады.
Емханада дәрігер-онколог пен маммологтың әрқайсысы 0,5 мөлшерлемемен қоса атқарушы ретінде жұмыс істейді.
Сондай-ақ, онкоқырағылықтың 1, 2, 3 деңгейлері бойынша «жасыл дәліздің» жұмысына, әйелдер мен ерлерге арналған тексеру кабинеттерінің қызметіне ерекше назар аударылды. Онко-1, онко-2, онко-3 тағайындаудың негізділігі бойынша ескертулер жасалды. Жалпы тәжірибелік дәрігерлер (ЖТД) тарапынан онко-2 негізсіз тағайындалса, дәрігер-онколог тарапынан онко-3 тағайындау жағдайлары анықталған.
Ақпараттық жүйеде ахуалдық орталық бойынша есеп дұрыс жұмыс жүргізілмеген, сол себепті жүйенің жұмысы қанағаттанарлықсыз деп бағаланды. Қаңтар айында барлығы 61 онкоқырағылық тағайындалған, алайда олардың негізділігі талданбаған, бұл «жасыл дәліз» көрсеткіштерінің төмендеуіне алып келуде.
«Жасыл дәліз» арқылы барлығы 6 науқас анықталған; онко-2 бойынша көрсеткіш — 10,5 %, онко-3 бойынша — 19,3 %, бұл онкоқырағылықты тағайындаудың негізділігі тұрғысынан төмен көрсеткіш болып табылады.
Сүт безі қатерлі ісігін скринингтен өткізу кезінде маммографиялық кабинет жұмысын дұрыс үйлестіру бойынша да ескерту жасалды.
Зерделеу қорытындысы бойынша анықтама рәсімделіп, онкологиялық қызмет жұмысында анықталған кемшіліктерді жоюға қатысты тиісті тапсырмалар берілді.