Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Алия Рустемова Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасына барды
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Алия Рустемова жұмыс сапары аясында облыстық көпбейінді ауруханасын аралады. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Айжан Есмагамбетова және денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек те қатысты. Аурухананың бас дәрігері Марат Джуманкулов медициналық ұйымның қызметі, заманауи материалдық-техникалық базасы, даму бағыттары және көрсетілетін медициналық көмек туралы баяндады.
150 жылдық тарихы бар аурухана өңір тұрғындарына жедел және жоспарлы мамандандырылған медициналық көмек түрлерін көрсетеді. Ұйым құрамында 14 бөлімше бар, олардың ішінде аймаққа тән бірегей бағыттар – ангиохирургия, ревматология, гематология, эндокринология, проктология және іріңді хирургия. Мұнда сондай-ақ нейрохирургиялық, кардиохирургиялық және интервенциялық операциялар жүргізіледі. Ұйым инфрақұрылымды белсенді дамытып, заманауи медициналық технологияларды енгізуде, бұл пациенттерге қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Вице-министр кардиология бойынша кеңінен көмек көрсететін бөлімшелер жұмысын көріп, олардың жедел және жоспарлы коронарографиялық зерттеулерін жетілдіру бойынша жетістіктерін көрді.
М. Джуманкуловтың хабарлауынша, медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында нейроинсульт, реанимация және кардиохирургия бөлімшелерін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтеріне сәйкес заманауи құрал-жабдықтармен толықтыру қажет. Бұл - жаңа жоғары технологиялық диагностика және емдеу әдістерін енгізуге, сондай-ақ заманауи емдік процедураларды жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, ерекше көңіл аударарлық мәселе - ангиограф сатып алу, бұл - жүрек-қан тамырлары ауруларын ерте кезеңде анықтап, тиімді емдеуге мүмкіндік береді. Вице-министр құрылғыны сатып алу процесін жеделдету қажеттігін атап өтіп, бұл - өңір тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге қолжетімділікті және сапаны арттыратындығын айтты.
Сапар қорытындысында аурухананың жұмысын ұйымдастыру деңгейі жоғары екені, оның өңірлік денсаулық сақтау жүйесіндегі айтарлықтай рөлі және медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту үшін одан әрі дамудың перспективалары талданды.