
Әріптестік, жүйелілік және жаңа мүмкіндіктер
2025 жылы облыстық көпбейінді аурухана мен Алматы қаласындағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл құжат:
▪️ Мамандарды оқытуға
▪️ Үздік тәжірибелерді енгізуге
▪️ Күрделі ауруларды диагностикалау мен емдеуді жетілдіруге бағытталған.
2025 жылдың ІІІ тоқсанында облыстық көпбейінді аурухана базасында
ішектің қабыну аурулары кабинеті ашылды.
Бұл бөлім Крон ауруы, ойық жаралы колит және өзге де созылмалы дерттерді ерте анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, облыста формулярлық комиссия құрылып, дәрілік заттарды қауіпсіз әрі тиімді қолдануды қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс басталды.