
🏥 Жаңарған медицина: жаңа нысандар – халық игілігі үшін
2025 жылы өңірде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асты.
4 048,0 млн теңгеге 4 медициналық нысанның құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Атап айтқанда:
▪️ Меркі көпбейінді орталық аудандық ауруханасының қабылдау бөлімшесі кеңейтіліп, қайта жаңғыртылды
▪️ Қордай ауданы Үлкен Сұлутөр дәрігерлік амбулаториясы
▪️ Қордай ауданы Сортөбе емханасы
▪️ Талас ауданы Ақкөл дәрігерлік амбулаториясы
Сонымен қатар, 1 551,3 млн теңгеге 12 нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, оның 11-і толық аяқталды.
Ал 2026 жылы Талас көпбейінді орталық аудандық ауруханасын қайта жаңғырту жұмыстары тәмамдалады деп жоспарланған.
Алдағы кезеңге жоспар:
🔹 660,2 млн теңгеге 4 нысанға күрделі жөндеу жүргізу;
🔹 Қосымша 5 медициналық мекемені жөндеумен қамту.