Береке тұрғын алқабында медициналық пункт ашылды

Береке тұрғын алқабында медициналық пункт ашылды

Береке тұрғын алқабында медициналық пункт ашылды

Алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігі – қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, Шөлдала ауылдық округіне қарасты Береке тұрғын алқабында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету орталығының іске қосылуы - аймақ тұрғындарының денсаулығын сақтауға бағытталған маңызды қадам.

Жаңа медициналық нысанның пайдалануға берілуі тұрғындарға медициналық қызметті тұрғылықты жеріне жақын жерде, уақытылы әрі сапалы алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл, өз кезегінде, профилактикалық медицинаның рөлін күшейтіп, ауруларды ерте кезеңде анықтау мен олардың асқынуының алдын алуға жағдай жасайды. Орталық Береке тұрғын алқабы мен оған іргелес аумақтардағы шамамен 3 мың адамға медициналық қызмет көрсетуге бағытталған.

Қазіргі уақытта «Шөлдала» орталығында 11 мыңға жуық тұрғын тіркелген. Медициналық пункттің кадрлық әлеуеті де жеткілікті деңгейде қалыптастырылған. Атап айтқанда, мұнда 7 дәрігерлік учаске бойынша 2 жалпы практика дәрігерлері, 4 учаскелік мейірбике, процедуралық мейірбике, акушер, фельдшер және тіркеуші жұмыс істейді Орталықта алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, профилактикалық тексерулер жүргізу, диспансерлік есепке алу, созылмалы ауруларды анықтау және емдеу, вакцинациялау, ана мен бала денсаулығын қорғау бағытындағы қызметтер кешенді түрде жүзеге асырылады.

Мекеме қызметінің басым бағыттары аурулардың алдын алу, ерте диагностиканы дамыту, халықтың денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және медициналық көмектің аумақтық қолжетімділігін арттыру. Орталық заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.