
Жамбыл облысында акушерлік кеңес өтті
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының төрағалығымен акушерлік кеңес өтті. Оған облыстық, қалалық және аудандық емдеу-профилактикалық ұйымдардың бас дәрігерлері қатысты.
Жиын барысында облыстың медициналық ұйымдарында тіркелген сыни акушерлік жағдайларға жан-жақты талдау жасалды. Кеңеске қатысушылар жүкті әйелдерге қатысты бес күрделі клиникалық жағдайды қарап, олар бойынша нақты ұйымдастырушылық және емдеу-тактикалық шешімдер қабылдады.
Акушерлік кеңесте аудандық орталық ауруханалар мен қалалық емханалардың, Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының және облыстық жедел медициналық жәрдем қызметінің бас дәрігерлері мен олардың орынбасарлары баяндама жасады. Атап айтқанда, Меркі, Қордай, Байзақ аудандық ауруханаларының, №2 және №9 қалалық емханалардың, сондай-ақ Жамбыл облыстық перинаталдық орталығы мен жедел жәрдем қызметінің өкілдері сөз сөйледі.
Әрбір баяндама бойынша жағдайлар егжей-тегжейлі талданып, тиісті қорытындылар шығарылып, ұсыныстар берілді. Атап айтқанда, орталық аудандық ауруханалардың, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының және облыстық перинаталдық орталық әкімшілігінің басшыларына жүкті әйелдерге жүргізілетін пренаталдық скринингтің сапасын күшейту, қауіп факторларын уақтылы анықтау, медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және медициналық көмектің әр деңгейі арасындағы өзара ықпалдастықты жетілдіру тапсырылды.
Сондай-ақ, босандыру ісі мен балалар денсаулығын қорғау мәселелері бойынша Жамбыл облысы бойынша босандыру қызметінің үйлестірушісі Қаракөз Сағынғалиева аналитикалық баяндама жасады.
Кеңес қорытындысы бойынша басқарма басшысы Сержан Назарбек бірқатар хаттамалық тапсырма берді. Меншік нысанына қарамастан, облыстағы барлық медициналық ұйым басшыларына перинаталдық көмекті өңірлендіру деңгейіне сәйкес медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақталуын және кадрлық қамтамасыз етілуін жолға қою, хромосомалық патологиялар мен ұрықтың туа біткен даму ақауларын ерте анықтауға бағытталған сапалы пренаталдық скрининг жүргізу, сондай-ақ қауіп тобына жататын жүкті әйелдерге медициналық-генетикалық кеңес беруді бақылауға алу және оларды Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының әйелдер кеңесінде уақтылы қаралуын қамтамасыз ету міндеттелді.
Сонымен қатар сыни жағдайлар туындаған кезде жедел хабарлау алгоритмдерін пысықтау, орташа және ауыр жағдайда түскен пациенттер бойынша тәулік уақытына қарамастан уақтылы консилиумдар өткізу, қажет болған жағдайда телемедициналық консультациялар ұйымдастыру және санитариялық авиацияның бейінді мамандарын тарту тапсырылды. Сондай-ақ сыни акушерлік жағдайлар бойынша талдауларды уақтылы жүргізіп, олардың алдын алу шараларын қабылдау қажеттігі атап өтілді.
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде жүкті әйелдерді, оның ішінде қауіп факторлары бар әйелдерді динамикалық бақылаумен қамту, алдағы босануы жоспарланған жүкті әйелдер туралы ақпаратты ай сайын облыстық перинаталдық орталықтың әйелдер консультациясына ұсыну, мультидисциплинарлық тексерулерді дер кезінде ұйымдастыру және өңірлендіру деңгейін ескере отырып, пациенттерді ауруханаға жатқызуды ұйымдастыру бюросының порталы арқылы жоспарлы түрде жатқызу міндеті қойылды. Атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына ұсыну тапсырылды.
Жиынды қорытындылаған Сержан Назарбек қабылданған тапсырмаларды жүйелі түрде орындау және ведомствоаралық тығыз өзара іс-қимыл жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ сыни акушерлік жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік беретін негізгі тетік екенін атап өтті.