
Жамбыл облысында “Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында атқарылған жұмыстар
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өткен жылы Жамбыл облысында ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылды. Жаңа нысандардың салынуы мен қолданыстағы ауруханалардың қайта жаңғыртылуы нәтижесінде ауылдық жерлердегі медициналық инфрақұрылым нығайып, заманауи жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алу мүмкіндігі кеңейе түсті.
Алдағы жылдары Меркі, Талас және Шу аудандарындағы көпбейінді орталық ауруханаларды толық жаңғырту арқылы өңірде шұғыл, диагностикалық және мамандандырылған медициналық көмектің сапасын жаңа деңгейге көтеру көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде халықтың денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға, ауыр сырқаттарды ерте анықтауға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға оң әсерін тигізетін болады.