Жамбыл облысында “Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында атқарылған жұмыстар

Жамбыл облысында “Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында атқарылған жұмыстар

Жамбыл облысында “Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында атқарылған жұмыстар

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өткен жылы Жамбыл облысында ауылдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, жоба шеңберінде жалпы құны 5 983,9 млн теңгені құрайтын 30 денсаулық сақтау нысанының құрылысы толық аяқталып, ел игілігіне берілді.

Сонымен қатар, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында 3 ауданда – Меркі, Шу және Талас аудандарында ауданаралық көпбейінді орталық ауруханалар құруға бағытталған қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланды (2024–2026 жылдар).

Ағымдағы жылы «Меркі көпбейінді орталық аудандық ауруханасы» ғимаратының қабылдау бөлімшесін қосымша салу арқылы қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, аурухана заманауи ангиограф, компьютерлік томограф және магниттік-резонанстық томограф аппараттарымен жабдықталды.

«Талас көпбейінді орталық аудандық ауруханасын қайта жаңғырту» жобасына Арнайы мемлекеттік қордан 2,3 млрд теңге қарастырылып, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 30 пайызы орындалды. Аталған жоба 2026 жылға өтпелі болып табылады.

Ал «Шу көпбейінді орталық аудандық ауруханасының ғимаратына қабылдау бөлімінің кіреберісін салу» жобасы бойынша 2025 жылғы 15 желтоқсанда сараптаманың оң қорытындысы алынып, 2026 жылға қаржыландыру үшін 2,5 млрд теңгеге бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жолданды.
Талас және Шу көпбейінді орталық аудандық ауруханаларының жаңғырту жұмыстары толық аяқталғаннан кейін, ұлттық жоба аясында бұл медициналық ұйымдар да ангиограф, компьютерлік томограф және магниттік-резонанстық томограф сияқты қымбат әрі жоғары технологиялық медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілетін болады.