
Жамбыл облысында медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізілуде
2025 жылға арналған 003 бағдарламасы аясында медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында бірқатар оқу курстары ұйымдастырылуда.
Атап айтқанда, 2025 жылғы 24–28 желтоқсан аралығында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің базасында «Медициналық ұйымдарда пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында 60 сағаттық біліктілікті арттыру курсы өтуде.
Аталған оқу курсына 27 медицина маманы қатысуда.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 22–26 желтоқсан аралығында Жамбыл облыстық көп бейінді онкология және хирургия орталығының базасында «Медициналық медбикенің немесе (ағасының) алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі озық тәжірибенің тәуелсіз мейірбикелік күтімінің ерекшеліктері» тақырыбында 60 сағаттық оқу курсы ұйымдастырылып, оған 27 маман қатысуда.
Одан бөлек, 2025 жылғы 22–26 желтоқсан аралығында №5 қалалық емхананың базасында «Өлім себептерін кодтау ережелері мен принциптері» тақырыбында 60 сағаттық біліктілікті арттыру курсы өткізіліп, 32 медицина қызметкері білімін жетілдіруде.
Аталған оқу курстары медициналық қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған.