📌 “Пациенттердің кеңейтілген мүмкіндіктері: МӘМС жүйесіне енгізілген негізгі өзгерістер” тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
❇️ Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек МӘМС жүйесіндегі өзгерістерге тоқталып, медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыру, әлеуметтік осал топтарды қолдау және пациенттердің мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы жұмыстар туралы айтты.
🔹 Балалар церебральды сал ауруы (БЦСА) бойынша қызметтер енді МӘМС арқылы қаржыландырылатын болды, бірақ қызметтер қысқартылмайды — барлық пациенттер толық медициналық көмек алады.
🔹 18 жасқа дейінгі барлық балалар автоматты түрде сақтандырылған, жарнаны мемлекет төлейді. 18 жастан кейін де әлеуметтік қорғау тетіктері сақталған: мүгедектігі бар адамдар, студенттер және тіркелген жұмыссыз азаматтар үшін жарналар мемлекет немесе жергілікті атқарушы органдар есебінен төленеді. Ресми жұмыс істейтіндер үшін жарнаны жұмыс беруші аударады.
❇️2026 жылы дәрі-дәрмектің минималды қорын қалыптастыруға, жаңа анықталған пациенттерді қоса алғанда, 20 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, төмен табысты азаматтарды қолдау мақсатында «D» және «E» санаттары енгізіліп, олардың медициналық сақтандыру жарналарын жергілікті атқарушы органдар төлейді.
❇️Жамбыл облысында МӘМС жүйесімен қамту деңгейі артып келеді. Өңірде тіркелген 1,17 млн халықтың 80,3%-ы сақтандырылған. 2025 жылғы қараша–желтоқсан айларында сақтандырылмаған азаматтар саны 16,5%-ға төмендеп, әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша тұрақты оң динамика қалыптасты.
“Пациенттердің кеңейтілген мүмкіндіктері: МӘМС жүйесіне енгізілген негізгі өзгерістер” тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.