Ата-аналарды қолдау және балалар денсаулығын нығайту: Астанадағы кешенді тәсілдер

Ата-аналарды қолдау және балалар денсаулығын нығайту: Астанадағы кешенді тәсілдер
Ата-аналарды қолдау және балалар денсаулығын нығайту: Астанадағы кешенді тәсілдер
Астана қаласында ата-аналарды қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының үшінші отырысы аясында «Ата-аналарды қолдаудан – қауіпсіз балалық шаққа: балалар мен отбасылардың денсаулығын жақсартуға бағытталған кешенді тәсілдер» тақырыбында саяси диалог өтті.
Іс-шара барысында ата-аналарды қолдауға арналған кешенді тәсілдерді пилоттық енгізу нәтижелері таныстырылып, балалардың психикалық саулығы, ведомствоаралық өзара іс-қимыл, сондай-ақ әзірленген құралдарды денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы қолданыстағы бағдарламаларға ықпалдастыру мүмкіндіктері талқыланды.
Саяси диалог жұмысына Жамбыл облысы атынан өңірлік денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерік Мұсабаев қатысып, панельдік сессия аясында отбасыларды қолдауға бағытталған бастамаларды іске асырудың практикалық тәжірибесі мен оларды кеңінен енгізу перспективалары жөнінде пікір алмасты.