ДДҰ-ның МСАК бойынша бейімделген қалта анықтамалығы алғаш рет жарық көрді
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуге арналған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бейімделген қалта анықтамалығы ресми түрде таныстырылды.
Бұл құжат дәлелді медицинаға негізделген практикалық құрал болып табылады және медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) мамандарына денсаулықты нығайту, аурулардың алдын алу және түрлі жағдайларды ерте анықтау мәселелерінде қолдау көрсетуге бағытталған.
Анықтамалықты ұлттық контекстке бейімдеу жұмыстары 2024–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жетекшілігімен, ДДҰ қолдауымен құрылған пәнаралық жұмыс тобы тарапынан жүзеге асырылды. Бейімделген ұлттық нұсқа ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурстарында ашық қолжетімді.
Астанада анықтамалықтың тұсаукесеріне арналған іс-шара өтіп, оны МСАК тәжірибесіне және медицина кадрларын даярлау жүйесіне енгізу мәселелері кеңінен талқыланды. Іс-шараға Жамбыл облысы атынан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерік Мұсабаев қатысты.
Шара соңында ана мен бала денсаулығын қорғау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар мамандарға алғыс хаттар табысталды.