№5 қалалық емханасында жаңа заманауи маммографиялық құрылғы іске қосылды

№5 қалалық емханасында жаңа заманауи маммографиялық құрылғы іске қосылды
№5 қалалық емханасында жаңа заманауи маммографиялық құрылғы іске қосылды
 
2023–2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі Кешенді жоспарды іске асыру аясында №5 қалалық емханада сүт безі обырына скринингтік тексерулер жүргізу үшін заманауи маммографиялық аппарат сатып алынып, пайдалануға берілді.
Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Жамбыл облысында сүт безі обыры диагнозымен есепте 2 027 әйел тіркелген. Аталған кезеңде алғаш рет 207 жаңа жағдай анықталып, олар аурудың сатысы бойынша төмендегідей бөлінді:I саты — 32 жағдай,II саты — 157 жағдай,III саты — 9 жағдай,IV саты — 9 жағдай.
Есепті кезеңде маммографиялық скринингтен 47 902 әйел өтті. Нәтижесінде сүт безі обырының 53 жағдайы анықталып, оның 24-і I сатыда, 29-ы II сатыда тіркелді.
Онкологиялық патологияны ерте кезеңде анықтау мақсатында №5 қалалық емханасында шамамен 3 000 әйел маммографиялық скринингпен қамтылды.
2025 жылы скринингтік тексерулердің нәтижесінде 400-ге жуық түрлі патология анықталып, 11 әйелде сүт безі обыры 0–I сатысында диагноз қойылды. Аталған көрсеткіштер бұрын орнатылған жабдықты пайдалану арқылы қол жеткізілді.
Қазіргі уақытта сатып алынған заманауи маммографиялық аппарат онкологиялық ауруларды ерте кезеңде дәл әрі уақтылы анықтауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар халықты скринингтік тексерулермен қамту деңгейін едәуір арттырады.
Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы өңірдегі онкологиялық қызметті дамытуға көрсеткен қолдауы мен жан-жақты ықпалдастығы үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне және Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтына шынайы алғысын білдіреді.