Өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған әріптестік аясында

Өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған әріптестік аясында

Өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған әріптестік аясында

Алматы қаласындағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына барған делегация ондағы жетекші мамандармен жан-жақты тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Бұл кездесу өңір медицинасының дамуына жаңа серпін беретін маңызды алаңға айналды.

Сапар барысында жамбылдық дәрігерлер кардиология, эндокринология, ревматология, неврология және диагностиканың өзекті бағыттары бойынша институт мамандарымен кәсіби пікір алмасып, күрделі ауруларды емдеудің заманауи тәсілдеріне қанықты.

Институттың тәжірибелі дәрігерлері озық зерттеу әдістемелерін, дәл диагностиканың жаңа мүмкіндіктерін және жүрек-қантамыр мен эндокриндік ауруларды емдеудегі тиімді халықаралық практикаларды таныстырды.

Жамбыл облысынан барған делегация сапар аясында өңірдің медициналық ұйымдарында жүргізілетін ауқымды реновация жобаларын да таныстырды. Жаңғырту жұмыстарының негізгі мақсаты — пациенттерге жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасап, медициналық персоналдың жұмыс тиімділігін арттыру және өңірлік денсаулық сақтау жүйесін халықаралық стандарттарға жақындату.

Мамандардың пікірінше, мұндай кәсіби диалогтар өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттыруға, жаңа технологияларды ендіруге және кадрлардың біліктілігін жетілдіруге үлкен мүмкіндік береді. Екі жақты ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасып, бірлескен жобалар арқылы денсаулық сақтау саласының дамуына тың серпін бермек.