Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек азаматтарға жеке қабылдау жасады

Қабылдау барысында тұрғындар бірқатар медициналық қызметтердің қолжетімсіздігі мен сапасына, сондай-ақ қажетті дәрі-дәрмектерді уақытылы ала алмауына қатысты шағымдарын жеткізді. Сонымен қатар қала тұрғыны мүгедектік мәселесі бойынша өтінішін білдіріп, тағы бір азамат мамандандырылған оңалту орталығына жатқызу жөнінде өтініш жасады.
Ауылдық елді мекендерден келген тұрғындардың өтініштерін жедел қарау мақсатында Сержан Назарбек олардың көзінше аудандық аурухананың бас дәрігерін онлайн байланысқа қосып, көтерілген мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар берді. Осылайша тұрғындармен тиімді кері байланыс орнатылып, жауапты сала мамандарына тиісті міндеттер жүктелді.
Қабылдау барысында айтылған барлық өтініштер бақылауға алынып, олардың шешілуі бойынша жұмыстар жүргізілетіні атап өтілді.