Жамбыл облысында Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының қатысуымен туберкулез қызметі бойынша кеңес өтті

Жамбыл облысында Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының қатысуымен туберкулез қызметі бойынша кеңес өтті

Жамбыл облысында Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының қатысуымен туберкулез қызметі бойынша кеңес өтті

Жамбыл облысында туберкулезбен күрес саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған адвокациялық кеңес өтті.
Жиын Қазақстандағы «Туберкулезді тоқтатайық» Ұлттық серіктестігінің жұмысын дамыту және азаматтық қоғамның туберкулезге қарсы іс-қимылға қатысуын кеңейту мәселелеріне арналды.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Малик Аденов, ҰФҒО жанындағы Глобалдық қордың Гранттарды жүзеге асыру бағдарламасының тобы және Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.
Жиында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетова, Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Малик Аденов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек құттықтау сөз сөйледі.
Айжан Есмағамбетова өз сөзінде туберкулезбен күресте үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) атқаратын рөлі ерекше екенін атап өтті. Ол облыста соңғы жылдары туберкулез бойынша аурушаңдық пен өлім-жітім көрсеткіштері айтарлықтай төмендегенін жеткізді. Алайда әлі де назарды қажет ететін мәселелер бар — әсіресе осал және қызмет қолжетімділігі төмен халық топтарымен жұмыс жүргізуде бірқатар қиындықтар сақталып отыр. Оның айтуынша, дәл осы санаттағы тұрғындармен жұмыс істеуде ҮЕҰ қызметі айрықша маңызды. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдар профилактикалық шараларды күшейтіп, халықтың ақпараттану деңгейін арттырып, пациенттердің емді толық әрі уақытылы қабылдауын қамтамасыз ету арқылы туберкулездің таралуын тежеуге бағытталған жалпы стратегиялық міндеттердің тиімді іске асуына елеулі үлес қосып келеді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек соңғы жылдардағы туберкулез бойынша көрсеткіштерді ұсынды. Оның мәліметінше, соңғы 10 жылда аурушаңдық 2 есеге, өлім-жітім 5 есеге төмендеген. Ал соңғы 20 жылдағы нәтиже бұдан да жоғары. Басқарма басшысы 2024 жылдан бастап жергілікті бюджеттен үкіметтік емес ұйымдарға 10 миллион теңге бөлінетінін атап өтті. Бұл ұйымдар профилактиканы күшейтуге, осал топтардың қызметтерге қолжетімділігін арттыруға, пациенттерді сүйемелдеуге және психоәлеуметтік қолдау көрсетуге елеулі үлес қосып келеді.
«Туберкулезді тоқтатайық» Ұлттық серіктестігінің төрағасы Шахимурат Исмаилов адвокациялық кеңестің мақсаттары мен міндеттерін таныстырып, мемлекеттік құрылымдар, медицина ұйымдары және азаматтық қоғам арасында күш біріктіру қажеттігін ерекше атап өтті.
Облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Жалғас Жүзбаев өңірдегі туберкулездің эпидемиологиялық ахуалы туралы 2024 жылдың қорытындысы және 2025 жылдың алғашқы 9 айы бойынша ақпарат берді. Сондай-ақ облыста скрининг және профилактика бағдарламаларының даму барысын баяндады.
Жиын барысында «Тараз Анти-ВИЧ» ҮЕҰ-ның үйлестірушісі Георгий Геронтиди үкіметтік емес ұйымдардың Жамбыл облысындағы туберкулез ауыртпалығын азайтуға қосқан үлесі жөнінде талдамалық баяндама жасады. Қатысушылар Ұлттық серіктестікті одан әрі дамыту, ҰЕҰ әлеуетін күшейту және жұмыс тобының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды талқылады.
Кеңес қорытындысында конструктивті пікір алмасудың нәтижесінде туберкулезбен күрестегі бірлескен жұмысты одан әрі жетілдіруге және өңір тұрғындарының денсаулығын жақсартуға бағытталған негізгі басымдықтар айқындалды.