Басқарма басшысы кезекті қабылдау өткізді
Бүгін Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек азаматтармен кезекті қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар негізінен мүгедектік тағайындау тәртібіне қатысты сұрақтар қойды. Басқарма басшысы бұл мәселе денсаулық сақтау басқармасының құзыретіне кірмейтінін түсіндіріп, өтініш берудің дұрыс тәртібін және уәкілетті органдарға жүгіну жолдарын егжей-тегжейлі баяндап өтті.Сонымен қатар, медициналық қызмет сапасына байланысты мәселелер көтерілді.
Тұрғындар тарапынан көрсетілген көмектің тиісті деңгейде болмауы, қажетті медициналық қызметтерге қол жеткізу қиындығы жөнінде жеке шағымдар айтылды.
Барлық азаматтардың өтініштері мұқият тыңдалып, бақылауға алынды. Әрбір мәселе бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді.
Қабылдау соңында Сержан Назарбек халықпен тұрақты кері байланыстың маңыздылығын атап өтті. Себебі тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары медициналық ұйымдар жұмысындағы кемшіліктерді дер кезінде анықтап, қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.