МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КӨЛЕМІ ҚЫСҚАРМАЙДЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КӨЛЕМІ ҚЫСҚАРМАЙДЫ
МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КӨЛЕМІ ҚЫСҚАРМАЙДЫ
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 11 нозологияны қамтитын әлеуметтік мәні бар аурулардың(ӘМА) жаңартылған тізбесі күшіне енеді.
Оған алғаш рет инсульт салдарынан болған эпилепсия және цереброваскулярлық аурулар енгізілді (1 жыл бойы).
Бұл медициналық оңалтудың ерте басталуын және пациенттерді бақылаудың үздіксіздігін қамтамасыз етеді, бұл емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттырады.
Бір мезгілде төрт ауру — балалардың церебральды сал ауруы (БЦА), ревматизм, дәнекер тінінің жүйелі зақымдануы және қант диабеті — динамикалық бақылауға жататын аурулар тізбесіне (ЖБЖА) ауыстырылды және МӘМС жүйесі арқылы қаржыландырылатын болады.
МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КӨЛЕМІ ҚЫСҚАРМАЙДЫ
Бұл ауруларды МӘМС жүйесіне көшіру-медициналық көмектің қолжетімділігі мен көлеміне әсер етпейтін әкімшілік шара.
Көмектің барлық түрлері — диагностика, емдеу, динамикалық бақылау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық оңалту — толық көлемде сақталады.
Қаржыландыру көзі ғана өзгереді, бұл ретте мемлекеттік кепілдіктер деңгейі өзгеріссіз қалады.
«Біз көмек көлемін қысқартпаймыз - біз жүйені тұрақты, әділ және қолжетімді етеміз. Созылмалы аурулары бар барлық пациенттер емдеуді, дәрі-дәрмектерді және оңалтуды толық көлемде алуды жалғастырады», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.