Талас ауданында денсаулық сақтау инфрақұрылымы жаңғыртылуда
Облыс әкімінің Талас ауданына іс-сапары аясында Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек Талас ауданына барып, өңірдегі денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту”ұлттық жобасы аясында Талас ауданында инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Аталған жоба шеңберінде Ақкөл дәрігерлік амбулаториясының құрылысы жүргізіліп, бүгінгі таңда нысандағы жұмыстар толықтай аяқталу сатысында.
Сонымен қатар, Талас көпбейінді орталық аудандық ауруханасын қайта жаңғырту жобасы іске асырылуда. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасып, белгіленген мерзімде толық аяқталуы көзделген.
2025 жылы аудандағы үш медициналық ұйымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
* Талас аудандық көпбейінді орталық ауруханасының жедел жәрдем бөлімі мен мәйітхана бөлімі бойынша жөндеу жұмыстары толық аяқталды;
* Қожағаппар ауылындағы медициналық пунктте жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары аяқталу кезеңінде, жыл соңына дейін толық пайдалануға берілмек.
Сержан Назарбек ауданға сапары барысында нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын тексеріп, жобалардың уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.