Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығы жөнінде
Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығы – өңірдегі ең ірі медициналық ұйымдардың бірі. 65 жылдан астам уақыт бойы бұл мекеме жамбылдықтардың денсаулығын қорғап, заманауи, қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсетіп келеді.
Бүгінде аурухана 646 төсектік орынға ие және 21 клиникалық бөлімшені біріктіреді, олардың көпшілігі облыстық деңгейде қызмет атқарады. Медициналық мекеме заманауи операциялық залдармен, екі реанимация және анестезиология бөлімшесімен, сондай-ақ күрделі зерттеулер мен ем-шараларды жүргізуге мүмкіндік беретін қуатты зертханалық-диагностикалық базаға ие.
Аурухананың басты байлығы – оның дәрігерлері. Олар күн сайын өз өмірін пациенттердің саулығы мен өмірі үшін арнап, нағыз ерлік жасайды. Мұнда тәулік бойы ондаған операция жасалып, шұғыл және жоспарлы көмек түрлері көрсетіледі. Дәрігерлердің басты мақсаты – әрбір науқасты сауығып, отбасына, қалыпты өміріне оралту.
Бұл еңбектің артында тек кәсіби білім мен тәжірибе ғана емес, сонымен бірге рухтың мықтылығы, төзім мен жүректегі мейірім жатыр. Дәрігерлер мен мейірбикелердің кәсібилігі, жауапкершілігі және адамгершілігінің арқасында жыл сайын мыңдаған пациенттер сауығып, өмірге қайта оралады.
Қазіргі таңда ауруханада 177 дәрігер мен 499 орта буын медицина қызметкері еңбек етеді. Олардың жартысына жуығы — жоғары санатты мамандар. Бұл — өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары хирургтер, терапевтер, невропатологтар, анестезиологтар, реаниматологтар және басқа да саланың үздік өкілдері. Олар үшін медицина – жай мамандық емес, өмірлік мұрат. Әрқайсысы өз еңбегімен адам өмірін сақтауға үлес қосып келеді.
Мекемеде пациенттерге қолдау көрсету қызметі ерекше мәнге ие. Бұл бөлім әрбір келушіге қажетті ақпарат беріп, туындаған мәселелерді шешуге жәрдемдеседі.
Азаматтар қызметке телефон арқылы, QR-код арқылы, жеке келіп немесе өтініш жәшігі арқылы хабарласа алады. Сондай-ақ, тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталық қызметі бар (телефон: 54-07-23).
Аурухана тәулік бойы, аптасына жеті күн жұмыс істейді. Мұнда уақыт шектеулі емес — мұнда ең бастысы адам және оның денсаулығы.
Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығы – бұл жай ғана медициналық мекеме емес. Бұл – кәсібилік пен адамгершілік тоғысқан орта, дәрігер еңбегінің шынайы бағаланатын орны. Мұнда әр күн – өмір үшін күрес, әр сәт – үміт пен сенімге толы.