Жамбыл облысы денсаулық сақтау саласының делегациясы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында болды

Жамбыл облысы денсаулық сақтау саласының делегациясы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында болды
Жамбыл облысы денсаулық сақтау саласының делегациясы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында болды
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек бастаған делегация Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтына (ҚазОжРҒЗИ) іссапармен барды.
Делегация құрамында Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының директоры Жандос Сейдахметов, «JANUIA medical center» клиникасының бас дәрігері Бота Узденбаева, №7 қалалық емхананың бас дәрігері Әлия Шатаева және Қордай орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Айдын Байбеков болды.
Сапар аясында делегация мүшелері «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетовпен кездесті.
Онда Жамбыл облысындағы онкологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, сондай-ақ обыр ауруларын ерте анықтау мен емдеуде заманауи әдістер мен үздік тәжірибелерді енгізу мәселелері талқыланды.
Жандос Сейдахметов өңірдегі онкологиялық қызметтің биылғы 9 айдағы жұмысы туралы баяндама жасап, жетістіктер мен шешуді қажет ететін бағыттарға тоқталды.
Талқылау барысында скринингтік бағдарламалардың тиімділігін арттыру, медициналық ұйымдарды заманауи диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз ету, онкология саласы мамандарының біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу жөнінде нақты ұсыныстар айтылды.
Іссапардың қорытындысы бойынша Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен Жамбыл облысының медициналық ұйымдары онкологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде бірқатар келісімдерге келді.