Онкология және хирургия орталығының мамандары Шу ауданында іссапарда болды

Онкология және хирургия орталығының мамандары Шу ауданында іссапарда болды

Онкология және хирургия орталығының мамандары Шу ауданында іссапарда болды

15–16 қазан күндері Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының мамандары Шу ауданына іссапармен барды.

Іссапар тобының құрамында орталықтың ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары А.Л. Тин, арнайы кеңестік-диагностикалық бөлімнің жетекшісі К.Б. Беккулиев, онколог дәрігер, Шу ауданының кураторы Д.А. Көкімбаев және медициналық статист Э.А. Шалқарбаева болды.

Сапардың мақсаты – 2025 жылдың 9 айындағы ауданның онкологиялық қызметінің жұмысын талдау, көрсеткіштердің орындалуын бағалау, скринингтік бағдарламаның жүзеге асырылуын қарастыру, сондай-ақ медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсету.

Сапар барысында орталық мамандары бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігерлеріне онкологиялық ауруларды ерте анықтау мәселелері бойынша практикалық көмек көрсетті. Ерекше назар қарау кабинеттерінің жабдықталуына және көзге көрінетін қатерлі ісік түрлерін анықтау сапасына аударылды.

Сондай-ақ сүт безі, жатыр мойны және тоқ ішек қатерлі ісіктеріне арналған скринингтік бағдарламалардың орындалуы талданды. Скринингтерді жоспарлау, соның ішінде бағдарламаның МӘМС жүйесіне көшуіне байланысты мәселелер және DAMUMED жүйесінде деректерді дұрыс енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

15 қазан күні орталық аудандық ауруханада жалпы практика дәрігерлері мен акушер-гинекологтарға арналған онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау бойынша семинар өтті. Іс-шараға 30 маман қатысты. Онкологиялық қызмет көрсеткіштерінің 9 айдағы орындалуы және ерте диагностиканың сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

16 қазан күні орталық мамандары Конаев, Бірлік және Көктөбе ауылдарындағы дәрігерлік және ауылдық амбулаторияларда болып, онкологиялық ауруларды ерте анықтау бағытындағы медицина қызметкерлерінің жұмысымен танысты. Сонымен қатар акушерлер мен қарау кабинеттерінің фельдшерлеріне арналған пациенттерді қарау әдістемесі және «жасыл дәліз» мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді.

Іссапар қорытындысы бойынша Шу ауданының онкологиялық қызметінің жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындалды.