Кері байланыс пен МӘМС-тегі нормативтік мәселелер: кеңестің екінші бөлімі

Кері байланыс пен МӘМС-тегі нормативтік мәселелер: кеңестің екінші бөлімі
Кері байланыс пен МӘМС-тегі нормативтік мәселелер: кеңестің екінші бөлімі
Аппараттық кеңестің екінші бөлімі денсаулық сақтау басқармасы мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес қарастырылған мәселелерге арналды.
Атап айтқанда, азаматтардың медициналық ұйымдарға жолдаған шағымдары мен өтініштерін қарау тәртібі, сондай-ақ олардың санын азайту бойынша қабылданатын шаралар сөз болды. Медициналық мекеме басшыларына бұл мәселені ерекше бақылауға алып, пациенттермен кері байланысты күшейту және жауапкершілікті арттыру тапсырылды.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігінің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін реттейтін жаңа бұйрықтары мен нормативтік-құқықтық актілері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған тақырыптар бойынша Жамбыл облыстық әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова сөз сөйлеп, медициналық қызметтерді төлеу тәртібі мен азаматтардан келіп түсетін шағымдармен жұмыс істеу бағытындағы жұмыстарды кеңінен баяндады.
Кеңес қорытындысында медициналық көмекті ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланып, өңірдегі медициналық ұйымдардың жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.