Аппараттық кеңестің бірінші бөлімі: дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін дамыту

Аппараттық кеңестің бірінші бөлімі: дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін дамыту

Аппараттық кеңестің бірінші бөлімі: дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін дамыту

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбектің төрағалығымен облыстың денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелеріне арналған аппараттық кеңес өтті.

Кеңестің алғашқы бөлімі амбулаториялық дәрілік заттарды игеру, сондай-ақ Жамбыл облыстық формулярлық комиссиясын құру туралы бұйрық жобасына арналды. Бұл мәселелер бойынша басқарманың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Бағлан Тұрған баяндама жасап, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайына талдау ұсынды.

Соңғы мәлімет бойынша, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілмеген дәрілердің жалпы саны – 89 518 қаптама. Оның 65%-ы — мемлекеттік медициналық ұйымдарға, 35%-ы — жекеменшік мекемелерге тиесілі. Талдау нәтижесінде кейбір медициналық ұйымдарда дәрі-дәрмек тапшылығы айқын байқалған. Осыған байланысты дәрілік қамтамасыз етуді оңтайландыру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу қажеттілігі туындап отыр.

Кеңесте Жамбыл облыстық формулярлық комиссиясын құру мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл комиссия өңірде формулярлық жүйені енгізуге бағытталған. Оның негізгі міндеті — дәрілік заттарды ұтымды, қауіпсіз және тиімді қолдануды қамтамасыз ету. Сонымен қатар комиссия медициналық ұйымдарға ақпараттық және әдістемелік көмек көрсетеді, дәлелді медицина қағидаттарын енгізуге және дәрілерді тиімді пайдалану мониторингін жүргізуге атсалысады.