Жамбыл облысының бас дәрігері «Даримет» медициналық орталығының жұмысымен танысты

Жамбыл облысының бас дәрігері «Даримет» медициналық орталығының жұмысымен танысты
Жамбыл облысының бас дәрігері «Даримет» медициналық орталығының жұмысымен танысты
 
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек Тараз қаласындағы «Даримет» ЖШС медициналық орталығына арнайы барып, мекеменің қызмет барысымен танысты.
Таңертеңгі уақытта басталған аралау барысында басқарма басшысы медициналық орталықтың материалдық-техникалық базасын жіті қарап, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің ұйымдастырылуына және халыққа көрсетіліп жатқан қызмет сапасына ерекше назар аударды.
2019 жылдан бері «Даримет» медициналық орталығы тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде қызмет көрсетіп келеді. Бүгінгі күні орталықта 16 300 тұрғын тіркелген.
Тіркелген халықтың құрылымы төмендегідей:
* 1 жасқа дейінгі балалар – 5,
* 5 жасқа дейінгі балалар – 128,
* Репродуктивті жастағы әйелдер – 5 698, оның ішінде 23-і жүкті.
Созылмалы аурулар бойынша динамикалық бақылауға алынған 551 адам бар. Оның ішінде:
* Артериялық гипертензиямен – 353 адам,
* Қант диабетімен – 55 адам,
* Созылмалы обструктивті өкпе ауруымен (ХОБЛ) – 14 адам,
* Бронхиялық астмамен – 15 адам тіркелген.
Пациенттерге дер кезінде және сапалы қызмет көрсету мақсатында орталықта 7 учаске жұмыс істейді: оның 2-еуі – терапиялық бағытта, 5-еуі – жалпы практика дәрігерлеріне (ЖПД) тиесілі.
Аралау барысында Сержан Назарбек тұрғындардың денсаулығын нығайтуда профилактикалық шаралардың, әсіресе скринингтік тексерулердің маңызына ерекше тоқталды. Медициналық көмекті ерте кезеңде көрсету – аурудың алдын алудың тиімді жолы екенін атап өтті.
Сапар соңында басқарма басшысы орталық ұжымына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда:
* тұрғындармен байланысты күшейту,
* медициналық көмекті сапалы әрі қолжетімді ұйымдастыру,
  1. * созылмалы аурулардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелеу міндеті қойылды.