Алғашқы медициналық көмек сапасы бақылауда

Алғашқы медициналық көмек сапасы бақылауда

Алғашқы медициналық көмек сапасы бақылауда

Басқарма басшысы Сержан Назарбек "Шайқорық" отбасылық денсаулық орталығының 15-мөлтек ауданындағы филиалының жұмысымен танысты. Аталған бөлімше осы мөлтек ауданның тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді. Қазіргі таңда бұл орталыққа 670 тұрғын тіркелген. Олар дәрігерге дейінгі алғашқы көмекпен қатар, күнделікті медициналық бақылау, алдын алу шаралары, скринингтік тексерулер, созылмалы ауруларды бақылау және қажет болған жағдайда тиісті мамандарға жолдама алу сынды қызметтерді пайдалана алады. Филиалдың басты мақсаты – халыққа қолжетімді әрі сапалы алғашқы медициналық көмек көрсету. Бұл мекемеде фельдшерлік қызмет ұйымдастырылған, сондай-ақ тұрғындарға алғашқы диагноз қою, артериалдық қысымды өлшеу, дене қызуын тексеру, жедел жағдайларда алғашқы көмек көрсету және профилактикалық кеңестер беру сияқты қызметтер көрсетіледі. Сержан Назарбек орталықтың қызмет деңгейін бағалап, емхананың қызмет сапасын арттыру, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру бағытында нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, ол медициналық көмектің тұрғындарға уақытылы және сапалы көрсетілуінің маңыздылығын атап өтіп, орталық директоры Кулшахира Байкелдиевамен қызмет сапасын жақсарту мен арттыуға байланысты бірқатар нақты міндеттердің барысын талқылады. Нысанды аралау барысында басқарма басшысы әлеуметтік желіде көтерілген тұрғындардың шағымдарына да назар аударып, осы мәселелер бойынша жауапты мамандармен пікір алмасты.