25 қыркүйек – Дүниежүзілік фармацевт күні
Денсаулық сақтау жүйесінің маңызды буыны – фармацевт мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!
Фармацевт – дәріханада дәрі беретін ғана маман емес. Ол – сапалы әрі қауіпсіз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп, науқастарға бағыт-бағдар беретін, халықтың денсаулығын қорғауға үлес қосатын сенімді кеңесші.
Олардың еңбегі – емнің тиімділігін арттыруға, аурудың алдын алуға және халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.
Сіздердің еңбектеріңізге, жауапкершіліктеріңізге және өз ісіңізге адалдығыңызға алғыс айтамыз!
Әрбір жұмыс күніңіз адамдарға пайда әкеліп, өздеріңізге қуаныш сыйласын.
Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті фармацевттер!