Ана мен бала саулығы – басты назарда

Ана мен бала саулығы – басты назарда

Ана мен бала саулығы – басты назарда

Жамбыл облысында жүкті әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Облыс әкімінің орынбасарының қатысуымен 2025–2026 жылдарға арналған ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Бұл құжат медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруды, ана өлімін азайтуды және профилактиканы күшейтуді көздейді.

Жүкті әйелдерді бағыттау, медициналық персоналды ротациялау және облыстық перинаталдық орталық пен аудандық ауруханалар арасындағы өзара бақылау тетіктері қайта қаралды.

Облыста Ситуациялық орталық құрылып, күнделікті мониторинг жүргізілуде. Ол акушерлік көмектің сапасын қадағалап, жедел басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Әр ауданға облыстық перинаталдық орталықтың кураторлары бекітілген.

Перинаталдық орталықтарда мультидисциплинарлық командалар жасақталып, кураторлар үшін онлайн-консультациялық кабинет ашылды. Сондай-ақ Ұлттық акушерлік және гинекология орталығымен бірлесіп, жүктілік пен босануды күнделікті мониторингтеу жұмысы жолға қойылды.

«Бір күндік клиника» форматында қызмет көрсететін бөлімше жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін өңірдегі барлық медициналық ұйымдарда әйелдер консультациясы бөлімшелерін ашу жоспарланып отыр.

Бұл кешенді шаралар ана мен бала денсаулығын қорғауға, өлім-жітім көрсеткішін төмендетуге және сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыруға бағытталған.