Жамбыл облысында халық денсаулығын нығайтуға бағытталған бастамалар жүйелі түрде енгізілуде
Мемлекет басшысы 2024 жылы Қазақстан Республикасын 2029 жылға дейін дамыту жөніндегі Ұлттық жоспарды бекітті.
Аталған жоспардың негізгі мақсаты – халықтың жалпы денсаулық деңгейін арттыру және өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін жеткізу. 2024 жылы Жамбыл облысында күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,53 жасты құрады (бұл көрсеткіш жылына бір рет өткен жылдың қорытындысы бойынша есептеледі). Қазақстан Республикасы бойынша өткен жылы бұл көрсеткіш 75,44 жасты құрады.
Өңірде профилактиканы күшейту және диагностика сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсат аясында әлеуметтік маңызы бар аурулардан болатын өлім-жітім деңгейін төмендету міндеті қойылған.
Өлім-жітім құрылымында бірінші орында – қан айналым жүйесі аурулары, екінші орында – тыныс алу ағзаларының аурулары, үшінші орында – қатерлі ісіктер, төртінші орында – ас қорыту жүйесі аурулары, бесінші орында – жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім тұр.
Тыныс алу ағзалары ауруларынан болатын өлім-жітім 0,2 %-ға азайды. Туберкулезден болатын өлім-жітім 7,5 %-ға төмендеді. Тыныс алу ағзалары ауруларымен сырқаттанушылық 9 %-ға азайды.