Құмшағал дәрігерлік амбулаториясының инфрақұрылымын жақсарту қажеттілігі туралы

Құмшағал дәрігерлік амбулаториясының инфрақұрылымын жақсарту қажеттілігі туралы

Құмшағал дәрігерлік амбулаториясының инфрақұрылымын жақсарту қажеттілігі туралы

Құмшағал дәрігерлік амбулаториясы №8 қалалық емхананың құрылымдық бөлімшесі ретінде тіркелген халыққа алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетіп келеді. 2025 жылғы дерекке сәйкес, амбулаторияға
9 680 тұрғын тіркелген, оның ішінде:

Ересектер – 5 854;
* Балалар – 3 826;
* Жүкті әйелдер – 98 адам.

Қызмет көрсету аумағына Құмшағал, Көлтоған, Қызыл Абад, Шаңырақ елді мекендері және 28 саяжай кіреді. Медициналық қызметті үш дәрігерлік амбулатория (екеуі Құмшағалда, біреуі Қызыл Абадта) және бір фельдшерлік пункт (Көлтоғанда) қамтамасыз етеді.

Қолданыстағы ҚР ДСМ-нің нормативтік құжаттарына сәйкес, тіркелген халық саны 1 500-ден 10 000 адамға дейін болған жағдайда дәрігерлік амбулаторияның жұмыс істеуі жеткілікті деп танылған. Алайда, халық санына қарай қызмет сапасын арттыру үшін инфрақұрылымды жаңғырту және медициналық көмектің қолжетімділігін одан әрі жақсарту қажеттілігі туындап отыр.

Инфрақұрылымды жақсарту бойынша
қолданыстағы екі дәрігерлік амбулаторияның ғимараттары мен жабдықтарын жаңғырту, заманауи медициналық техникамен жабдықтау қажеттігін ескерткен Сержан Назарбек бұл бағытта бірқатар нақты тапсырмалар беріп, халықтың денсаулығын қорғау — басты басымдық екенін атап өтті.

“Құмшағал дәрігерлік амбулаториясының тіркелген халық саны 9 мыңнан асады. Бұл – үлкен көрсеткіш. Халыққа сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсету үшін инфрақұрылымның заманауи талаптарға сай болуы маңызды. Осыған байланысты амбулаторияның материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңімен жаңарту, дәрігерлік құрамды күшейту, цифрландыруды жеделдету және шалғай елді мекендерге қызмет қолжетімділігін арттыру – басым бағыттар қатарында. Бұл жұмыстар басқарманың тұрақты бақылауында болады”,- деді басқарма басшысы.