Жамбыл облысында ТМККК және МӘМС көрсеткіштері сараланды
Бүгін облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі емдеу-алдын алу ұйымдарының бас дәрігерлері қатысқан кезекті аппараттық кеңес өтті.
Кеңестің басты тақырыбы – 2025 жылдың алғашқы алты айында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары. Жиында Жамбыл облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова кең көлемді баяндама жасап, негізгі көрсеткіштер мен проблемалық тұстарға тоқталды.
Басқосу барысында аймақтағы медициналық ұйымдардың қызмет сапасы сараланып, қол жеткізілген нәтижелер мен шешімін күткен мәселелер кеңінен талқыланды. Негізгі екпін өңір халқын сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметпен қамтамасыз етуге, жүйенің тиімділігін арттыруға және ресурстарды ұтымды пайдалануға қойылды.
Кеңес қорытындысында барлық игерілмеген көлемдерге терең талдау жүргізу, оларды толық игеру бойынша нақты жоспар әзірлеу және бөлінген қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.