Басқарма басшысы тегін дәрі-дәрмектердің берілуін бақылады

Басқарма басшысы тегін дәрі-дәрмектердің берілуін бақылады
Басқарма басшысы тегін дәрі-дәрмектердің берілуін бақылады
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек емханадағы цифрлық технологияларды енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Атап айтқанда, ол «Әлеуметтік әмиян» жобасының іске асырылу барысын көріп, тегін дәрі-дәрмектің берілуін бақылады.
Бұл жоба аясында пациенттерге тегін дәрі-дәрмек алу процесі барынша жеңілдетілген. Енді емделушілер қағаз рецептсіз, электронды түрде — eGov mobile қосымшасындағы «Әлеуметтік әмиян» қызметі арқылы QR-кодты ұсыну арқылы қажетті препараттарын ала алады.
Емхана дәріханалары 2D сканерлермен толық жабдықталған, бұл дәрі-дәрмек беру процесін автоматтандыруға және қызмет көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жүйе қағаз құжат айналымын азайтып, цифрлық форматтағы қызмет көрсетуді кеңейтуге жол ашып отыр.
Басқарма басшысы емхананың осы бағыттағы техникалық және ұйымдастырушылық дайындығын назарға алып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің тиімділігін арттыру жолдарын қарастырды. Ол қабылдауда тұрған ақсақалдың және бір-екі ата-ананың телефондарына eGov mobile қосымшасының орнатылмағандығын көріп, жүйенің ашық жұмыс істеуі қажеттігін айтып, ескерту жасады.