Басқарма басшысы оңалту орталығындағы пациенттермен кездесті

Басқарма басшысы оңалту орталығындағы пациенттермен кездесті
Басқарма басшысы оңалту орталығындағы пациенттермен кездесті
❇️Бүгін Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек Жамбыл облыстық оңалту орталығына арнайы келіп, мекеменің қызметімен және күнделікті жұмыс барысымен танысты.
💹 Сапар барысында басқарма басшысы оңалту шараларынан өтіп жатқан науқастармен жеке жүздесті. Әрбір бөлімшеге кіріп, ем қабылдап жатқан ересектер мен балалардың жағдайын сұрап, көрсетіліп жатқан медициналық көмектің сапасы мен тиімділігіне көз жеткізді.
✅Пациенттер өз алғыстарын білдіріп, оңалту бағдарламаларының нәтижесі жақсы екенін, мамандардың кәсіби қызметіне көңілдері толатынын жеткізді.
❇️Бұл кездесу науқастар үшін де, медициналық қызметкерлер үшін де ерекше мотивация беріп, өзара ашық диалог алаңына айналды.
Орталықтың бас дәрігері Динара Кәрібаева мекеменің жалпы жағдайымен таныстырып, оңалту процестерінің тиімді жүргізіліп жатқанын баяндады. Сонымен қатар, ғимараттың тозығы жеткенін, күрделі жөндеу қажеттігін және медициналық жабдықтардың бірқатарын жаңарту керектігін атап өтті.
💹Жаңа технологиялар мен заманауи құралдардың оңалту сапасына тікелей әсер ететінін де жеткізді.
✅Өз кезегінде Сержан Назарбек айтылған мәселелерді мұқият тыңдап, орталықты жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстарын қолға алу және қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылданатынын айтты. Ол өңір халқының сапалы оңалту көмегіне қолжетімділігі – басқарма жұмысының басты бағыттарының бірі екенін баса айтты.
❇️Жамбыл облыстық оңалту орталығы – жыл сайын жүздеген пациентке үміт сыйлап, өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін маңызды медициналық мекеме. Алдағы уақытта бұл орталықты дамыту мен қолдау жұмыстары жалғасын табады.