Оңалту қызметі – назарда: басқарма басшысы орталыққа барды

Оңалту қызметі – назарда: басқарма басшысы орталыққа барды
Оңалту қызметі – назарда: басқарма басшысы орталыққа барды
Жамбыл облыстық оңалту орталығы – облыстағы ең ірі мамандандырылған оңалту мекемелерінің бірі. Орталық қала аумағында орналасқан типтік 5 қабатты ғимаратта жұмыс істейді.
Алғаш рет орталық 1996 жылы "Ана мен бала" атауымен ашылып, шалғай ауылдардан келген жүкті әйелдер мен 6 жасқа дейінгі балаларға мамандандырылған емдік және оңалту көмегін көрсету мақсатында құрылған. Бастапқы миссиясы – ана мен баланың денсаулығын қорғау, өлім-жітімді азайту және өңірдегі демографиялық ахуалды жақсарту болды.
2021 жылы мекеме атауы өзгеріп, қазіргі "Жамбыл облыстық оңалту орталығы" мәртебесін алды.
2023 жылдан бастап орталық ересектер мен балаларға арналған 2 және 3 кезең бойынша тәулік бойы және күндізгі стационар, сондай-ақ амбулаториялық деңгейде оңалту қызметтерін көрсетуде.
🔹 Миссиясы – ағза жүйелері мен қызметтерінің бұзылуын қалпына келтіру арқылы мүгедектік қаупін азайту және пациенттердің өмір сүру сапасын арттыру.
🔹 Төсек қоры – 240 орын. Бүгінде мұнда 140 пациент ем қабылдауда.
🔹 Емделу ұзақтығы – 14-тен 19 күнге дейін.
🔹 Қызмет бағыттары:
Ересектер мен балаларға: неврология, травматология, кардиология
Балаларға: соматикалық оңалту
Курортология – әлеуметтік портал арқылы жолдама негізінде.
Бүгін Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек орталыққа арнайы келіп, мекеменің қазіргі жағдайымен танысты. Орталықтың бас дәрігері Динара Кәрібаева ғимараттың тозғанын, күрделі жөндеудің қажеттігін, сонымен қатар оңалту қызметтерін жақсарту үшін заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Басқарма басшысы айтылған мәселелерді назарға алып, орталықтың материалдық-техникалық базасын нығайту, күрделі жөндеуден өткізу және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.
Жамбыл облыстық оңалту орталығы – өңір тұрғындарының сапалы медициналық оңалту көмегіне қолжетімділігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Алдағы уақытта орталықты дамыту бағытындағы бастамалар медициналық қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.