ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ТАРТУ МӘСЕЛЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ТАРТУ МӘСЕЛЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ТАРТУ МӘСЕЛЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА
Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын жоюға бағытталған кешенді шаралар жүйелі түрде іске асырылып келеді. Облысқа қажетті дәрігер мамандарды даярлау, өңірге тарту және әлеуметтік тұрғыда қолдау көрсету – бұл саладағы негізгі басымдықтардың бірі.
🎓 Болашақ дәрігерлерге – мемлекеттік грант
Кадр тапшылығын жою мақсатында жергілікті бюджет есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға – резидентураға – жыл сайын гранттар бөлініп отыр. Соңғы алты жылда бұл бағытта төмендегідей көрсеткіштер тіркелген:
2019 жылы – 12 грант
2020 жылы – 12 грант
2021 жылы – 32 грант
2022 жылы – 30 грант
2023 жылы – 12 грант
2024 жылы – 59 грант
Ал 2025-2026 оқу жылына арналған конкурс нәтижесінде тағы 31 грант бөлінді. Бұл – аймақтың нақты қажеттіліктерін ескеріп қабылданған шешім.
🏥 Жұмысқа келген жас мамандар саны артып келеді
Мемлекеттік білім беру грантымен оқып шыққан мамандар өңірде кемінде 5 жыл жұмыс істеуге міндеттеледі. Бүгінгі таңда осы талаппен 62 дәрігер Жамбыл облысының медициналық ұйымдарына жұмысқа орналасып, қызмет етуде. Сонымен қатар, қазіргі таңда 84 дәрігер резидентурада білім алып жатыр.
🤝 Әлеуметтік қолдау – тұрақтылық кепілі
Жамбыл облысында медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шаралары кеңейтіліп келеді. 2025 жылға төмендегідей нақты көмектер жоспарланған:
41 қызметкерге – тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1500 АЕК аспайтын сомада, жалпы 367,3 млн теңгеге бюджеттік несие бөлінді (республикалық бюджет есебінен).
129 маманға – 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы төленді (жалпы сомасы 47,6 млн теңге).
Сонымен қатар, 2024 жылғы 24 сәуірде Жамбыл облыстық мәслихаттың №14-3 шешімімен біржолғы әлеуметтік қолдау көлемдері нақты санаттарға бөлінді:
Ауылдық жерлерге, моноқалаларға, кенттерге жіті тапшы мамандарға – 8,5 млн теңге
Ауылдық аймақтардағы өзге мамандарға – 1,2 млн теңге
Тараз қаласына келген дәрігерлерге – 800 мың теңге
🏡 Аудандық деңгейдегі бастамалар
Аудандар да өз тараптарынан қолдау шараларын жүзеге асыруда:
Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Талас, Сарысу, Шу аудандарында коммуналдық қызмет шығындарына (отын, су, жарық, көмір) 5 АЕК мөлшерінде өтемақы төленеді.
Талас ауданында жас мамандарға тұрғын үй беру мәселесі пысықталуда.
Қордай ауданы мамандарға бірінші жұмыс жылы үшін пәтерақыны ай сайын өтеу шарасын қолға алды.
Жамбыл облысында медициналық кадрларды даярлау, тарту және қолдау бағытындағы жұмыстар – облыс әкімдігі мен жауапты басқармалардың ұдайы бақылауында. Кешенді шешімдер мен нақты қолдау шараларының арқасында өңір халқы сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етіліп келеді.