Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері лауазымына тағайындалды
КЕЗЕМБАЕВ НУРЛАН БАХБЕРДЫЕВИЧ Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасының байқау кеңесінің ұсынуымен бас дәрігер лауазымына тағайындалды
Кезембаев Нурлан 1984 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келді.
2009 жылы С.Ж Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2010 жылы Жамбыл облыстық ауруханасында анестезиолог-реаниматолог дәрігері болып бастады;
2017-2018 жылдары Жамбыл аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы;
2018-2024 жылдары Жамбыл аудандық орталық ауруханасының стационарлық қызмет басшысы;
2024-2025 жылдары Жамбыл аудандық орталық ауруханасының пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің басшысы;
2025 жылдың шілде айынан бастап Жамбыл облыстық қан орталығы бас дәрігерінің сапа бойынша орынбасары қызметін атқарды.