Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына барды

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына барды
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына барды
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді.
Сапардың мақсаты – өңірдегі медициналық ұйымдардың қызметімен танысу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамадағы негізгі өзгерістерді түсіндіру.
Сапар аясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбектің бірге жүруімен вице-министр Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына барды. Ол мекеменің материалдық-техникалық базасын аралап, балаларға медициналық көмек көрсету жағдайымен танысты, сондай-ақ ұжыммен кездесу өткізді.
Бірінші вице-министрге стационарлық көмек қызметі туралы ақпарат ұсынылды. Мекеменің негізгі бағыты – 0-ден 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмек көрсету және оңалту шараларын жүргізу. Аурухана хирургиялық және соматикалық блоктардан тұрады, онда 552 тәулік бойы және 40 күндізгі төсек орны жұмыс істейді.
Мекемеде штат бойынша 957 қызметкер бар, оның ішінде 165 дәрігер, 389,5 бірлік орта медицина қызметкері, 267,5 – кіші медицина қызметкері және 135 – басқа персонал. Кадрмен қамтамасыз етілу жалпы 93%-ды құрайды, оның ішінде дәрігерлер бойынша – 85,4%, орта медицина қызметкерлері бойынша – 100%.
Салыстырмалы талдау деректеріне сәйкес, 2024 жылдың алты айында ауруханаға 24 053 өтініш түскен болса, 2025 жылдың осындай кезеңінде – 26 735 өтініш тіркелген, бұл 11,15%-ға артық. Госпитализацияланған науқастар саны 8 384-тен 9 940-қа дейін өскен – өсім 18,55%-ды құрады. Шығарылған пациенттер саны да айтарлықтай артқан.
Сонымен қатар, амбулаториялық-емханалық көмек (АЕК) аясында қабылданған науқастар саны 2025 жылдың екінші тоқсанында 25 010-ға жетіп, 2024 жылдың сәйкес кезеңіндегі 19 384-тен артқан.
Тимур Сұлтанғазиев консультативтік-диагностикалық бөлімшенің жұмысын көріп, алдын ала жазылу мүмкіндігі бар қабылдау жүйесінің медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыратынын атап өтті. Мұнда қабылданған науқастар мен көрсетілген қызметтер саны тұрақты түрде мониторингтен өтіп, нәтижелері жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталады.
Вице-министр ерекше назарын сурдология кабинетіне аударды. Бұл жерде балалардың есту қабілетін тексерудің толық циклі жүргізіледі: аудиометрия, қысқа латентті есту шақырылған потенциалдар (ҚЛЕШП) арқылы ерте диагностика жасалады. Мұндай тәсіл саңыраулық пен өзге де патологияларды уақытылы анықтап, емдеуді дер кезінде бастауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ вице-министр травматология бөлімшесін аралап, науқастарды қабылдау тәртібімен, жабдықталу деңгейімен, госпитализация жағдайымен және мамандандырылған көмекке қолжетімділікпен танысты. Қабылдау бөлімінде пациенттерді маршрутизациялау және жедел көмек көрсету алгоритмдері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Дәрігерлер мен мейіргерлермен әңгіме барысында еңбек жағдайы, жабдықтар мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ көтерілген ұсыныстар талқыланды. Барлық мәселелер Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына жіберілмек.