Онкологиялық орталыққа жұмыс сапары: науқастарға қолайлы жағдай мен материалдық-техникалық базаны дамытуға басымдық

Онкологиялық орталыққа жұмыс сапары: науқастарға қолайлы жағдай мен материалдық-техникалық базаны дамытуға басымдық
Онкологиялық орталыққа жұмыс сапары: науқастарға қолайлы жағдай мен материалдық-техникалық базаны дамытуға басымдық
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек Жамбыл облыстық онкология және хирургия көпбейінді орталығына жасаған жұмыс сапары аясында сәулелік терапия курсынан өтіп жатқан науқастар жатқызылған стационарлық бөлімшенің жұмысымен танысты. Сапар барысында ол ем қабылдап жатқан азаматтармен тілдесіп, денсаулық жағдайларын сұрады және бөлімдегі жағдаймен танысты.
Тексеру нәтижесінде бірқатар техникалық ақаулар анықталды. Осыған байланысты басқарма басшысы орталықтың бас дәрігері Жандос Сейдахметовке анықталған кемшіліктерді жедел түрде жоюды, сондай-ақ стационарда емделушілер үшін барынша жайлы жағдай жасауды тапсырды. Ол тек емнің сапасына ғана емес, сонымен қатар пациенттерге көрсетілетін қызметтің жалпы деңгейіне де ерекше мән беру қажеттігін атап өтті.
Сапар аясында амбулаториялық-емханалық қызметті нығайту мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Орталыққа эндоскопиялық кабинетті заманауи медициналық жабдықтармен жабдықтау бойынша өтінім дайындау тапсырылды. Сонымен қатар, позитронды-эмиссиялық томография (ПЭТ-КТ) аппаратын сатып алу қажеттілігін сараптау және нақты есеп жүргізу бойынша тапсырма берілді. Бұл жобаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында не болмаса жеке инвестициялар тарту арқылы жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.
Осы мақсатта денсаулық сақтау басқармасының басшысы мамандарға Шымкент қаласындағы ПЭТ-КТ аппаратын орнату және пайдалану тәжірибесін зерделеуді тапсырды. Себебі аталған қалада мұндай жоба сәтті іске асырылып, тиімді жұмыс істеуде.