Таразда саркоманың алдын алу және ерте анықтауға арналған ашық есік күні өтті

Таразда саркоманың алдын алу және ерте анықтауға арналған ашық есік күні өтті

Таразда саркоманың алдын алу және ерте анықтауға арналған ашық есік күні өтті

Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығында саркома туралы ақпараттандыру апталығы аясында Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — халықты сүйек пен жұмсақ тін саркомасын, сондай-ақ басқа да қатерлі ісіктерді ерте диагностикалаудың маңыздылығы жөнінде ақпараттандыру.

Акция барысында тұрғындар онколог мамандардың қабылдауынан тегін өтіп, ультрадыбыстық зерттеу жасатып, әрі қарайғы іс-әрекеттерге қатысты кеңес алды. Қабылдауды онколог дәрігерлер Жұмабай Құрышбаев пен Мадияр Алтынбек, сондай-ақ УДЗ дәрігері Нұржан Бегімбаев жүргізді.

Күн қорытындысы бойынша 11 консультация өткізілді, 3 обырға дейінгі ауру анықталып, 8 түрлі патология тіркелді, 3 қосымша зерттеу жүргізілді. Онкологиялық ауру деректері анықталған жоқ.

Онкологтардың айтуынша, саркома — бастапқы кезеңінде жақсы емделетін агрессивті ісік. Дер кезінде дәрігерге жүгіну, белгілерге мән беру және тұрақты тексеріліп тұру — денсаулық пен сәтті емнің кепілі.