Жүкті әйелдерге көрсетілетін медициналық қызметтің ұйымдастырылуымен танысты

Жүкті әйелдерге көрсетілетін медициналық қызметтің ұйымдастырылуымен танысты
Жүкті әйелдерге көрсетілетін медициналық қызметтің ұйымдастырылуымен танысты
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек №6 қалалық емхананың жұмысымен танысу барысында жүкті әйелдерге көрсетілетін медициналық көмектің ұйымдастырылуына назар аударды. Ол қабылдауға келген жүкті әйелдермен кездесіп, оларды есепке алу деңгейі, скринингтік тексерулердің сапасы мен дәрілік қамтамасыз ету мәселелерін нақтылады.
Зерделеу барысында жүктіліктің асқынған жағдайларын ерте анықтау және мұндай әйелдерге дер кезінде тиісті медициналық қолдау көрсету мәселелері басты назарға алынды.
Сержан Назарбек перинаталдық көмекті одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтіп, әрбір пациентке жекелей көзқарас қалыптастыру, жүктілік кезеңінде әйелдерге қолайлы жағдай жасау қажеттігін ерекше атап өтті.
Басқарма басшысы ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, жүкті әйелдерді пренаталдық скринингтермен және ультрадыбыстық зерттеулермен қамтуды кеңейтуге, акушер-гинеколог мамандар үшін оқыту семинарларын тұрақты өткізіп тұруға, сондай-ақ халық арасында репродуктивті денсаулық пен жүктілікті ерте тіркеу мәселелері бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жандандыруға баса назар аударылды.