Басқарма басшысы №6 қалалық емханада болды

Басқарма басшысы №6 қалалық емханада болды
Басқарма басшысы №6 қалалық емханада болды
Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек жұмыс сапарымен №6 қалалық емханаға барды. Жаңа ғимаратқа көшкен мекеме кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында алғашқы медициналық-санитариялық қызмет көрсетеді.
Ол медициналық ұйымның қазіргі қызметімен, емхананың құрылымымен, бейінді бөлімдердің жұмысымен және 2025 жылдың алғашқы бес айындағы негізгі көрсеткіштерімен танысты.
Емханаға тіркелген халық саны – 57 104 адам, оның ішінде 35 937-сі ересектер және 21 167-сі балалар. 2024 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 40 515 адамды құраған. 2025 жылы 386 нәресте дүниеге келсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш - 336 болған.
Кездесу соңында Сержан Назарбек емхана жұмысының ұйымдастырылуына оң бағасын беріп, медициналық көмектің сапасын арттыру, халыққа қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету және жаңа ғимаратқа көшкен емхананың материалдық-техникалық базасын жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударды.
Емхананың бас дәрігері Дүйсенкүл Керімбаеваға қызмет сапасы мен жағдайларын жақсарту, халыққа көрсетілетін көмектің сабақтастығын қамтамасыз ету, кадрлық әлеуетті нығайту және инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмысты жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, халықты скринингтің дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, мерзімді тексерулер мен алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізу қажеттігі ерекше атап көрсетілді.