Анықталған кемшіліктерді жою бойынша тапсырмалар берілді

Анықталған кемшіліктерді жою бойынша тапсырмалар берілді
Анықталған кемшіліктерді жою бойынша тапсырмалар берілді
Басқарма басшысы С.Назарбек Жуалы ауданындағы жүкті әйелдерге медициналық қызмет көрсету жағдайын жеке барып тексерді. Ол қабылдау бөліміндегі жүкті әйелдермен сөйлесіп, олардың скринингтен өтуі, уақтылы тексеріс алу жөніндегі ақпараттық сауаттылығын бағалады. Ол әйелдердің медициналық қызметтерге деген қызығушылығы мен белсенділігі жеткіліксіз екенін байқады. Көптеген жүкті әйелдер профилактикалық тексерістер мен скринингтерден өту туралы нақты ақпаратқа ие болмағандықтан, олардың денсаулығына қауіп төнуі мүмкін екендігін айтты басқарма басшысы.
Қабылдау бөлімінде жұмыс істейтін медициналық қызметкерлердің қызмет көрсету сапасына да зерделеу жасалды. Басқарма басшысы, пациенттермен жұмыс істейтін мамандардың кейбірі қажетті стандарттар мен ережелерді толық орындамайтынын, сондай-ақ олардың ақпаратты жеткізу тәсілдерінде кемшіліктер бар екенін анықтады. Медициналық қызметкерлердің пациенттерге психологиялық қолдау көрсету және дұрыс кеңес беру дағдылары да жетіспейді. Бұл факторлар пациенттердің сенімін төмендетіп, олардың медициналық қызметтерге деген қызығушылығын кемітеді.
Жүкті әйелдерге арналған тексеру құрылғылары мен медициналық құрал-жабдықтардың ескіргені анықталды. Қазіргі уақытта қолданылып жүрген құрылғылардың көпшілігі заманауи талаптарға сәйкес келмейді және оларды жаңарту қажеттілігі туындайды. Бұл жағдай диагностика сапасына теріс әсер етеді және нақты нәтижелер алуға кедергі келтіреді. Сонымен қатар, құрылғылардың жұмыс істеуі мен қызмет көрсету сапасын жоғарылату үшін, медициналық қызметкерлерге арнайы оқулар мен тренингтер өткізу қажеттігін айтты.
Сапар барысында басқарма басшысы дәрігерлердің білім деңгейіне де назар аударды. Кейбір дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру мен кәсіби дағдыларын жаңарту бойынша жұмыс жүйелі емес екені байқалды. Бұл өз кезегінде пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын төмендетеді және мүмкін болатын медициналық қателіктердің алдын алу деңгейін төмендетеді
Жалпы алғанда, Жуалы ауданындағы медициналық мекемеде көптеген кемшіліктер мен жаңартуды қажет ететін мәселелер бар. Құрал-жабдықтарды жаңарту, дәрігерлердің білімін жетілдіру, медициналық қызметкерлердің ақпараттық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ пациенттермен дұрыс қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту шаралары маңызды болып табылады.