Басқарма басшысы Жуалы ауданындағы инфекциялық бөлім жұмысына тексеріс жүргізді

Басқарма басшысы Жуалы ауданындағы инфекциялық бөлім жұмысына тексеріс жүргізді

 

Басқарма басшысы Жуалы ауданындағы инфекциялық бөлім жұмысына тексеріс жүргізді
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек Жуалы аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөлімшесіне арнайы барып, бөлімшенің қызмет сапасына тексеріс жүргізді.
Бөлімше 26 төсекке арналған. 2025 жылдың басынан бері мұнда барлығы 677 науқас ем алып шыққан. Басқарма басшысы мекемені аралау барысында емдеу сапасы мен қызмет көрсету деңгейіне қатысты бірқатар кемшіліктер мен олқылықтарды анықтады: медициналық қызметтің ұйымдастырылу деңгейінің төмендігі, бірқатар санитарлық талаптардың сақталумауы, аурухананың замануи құрал-жабдықтармен жарақтандырылмауы сынға алынды.
Аурухана бас дәрігері Батырбек Үсенбаевқа бұл мәселелерді жедел түрде шешу, тиісті шараларды қабылдау және қызмет сапасын арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар жүктелді.
Инфекциялық бөлімше орналасқан ғимараттың қазіргі жай-күйі де басқарма басшысының назарынан тыс қалмады. Ескірген, санитарлық талаптарға сай келмейтін нысан алдағы уақытта жаңасымен алмастырылмақ. Қазіргі таңда жаңа ғимараттың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлену үстінде. Алайда, жаңа нысан іске қосылғанға дейін де қолда бар инфрақұрылымды жақсарту, пациенттерге қолайлы жағдай жасау міндеті күн тәртібінде тұрғанын айтты.
Сержан Назарбек аудандық аурухана ұжымына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, халықтың денсаулығын жақсарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін қатаң тапсырды. Ол сонымен қатар, тұрғындар сенімін ақтау үшін барлық медицина қызметкері өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы тиіс екенін ескертті.