Байзақ ауданының жедел медициналық көмек бөлімшесі Жамбыл облыстық жедел медициналық көмек станциясының құрылымдық бөлімі ретінде жұмыс істейді. Мұнда тәулік бойы шақыртуларға шығатын бригадалар үздіксіз қызмет атқарады. Жалпы бөлімшеде 110 қызметкер жұмыс істейді, олардың қатарында 78 фельдшер мен 32 санитарлық көлік жүргізушісі бар. Қызмет жеті ауысыммен ұйымдастырылған.
Жедел жәрдем көрсетілетін аумақ өте ауқымды — бөлімше Сарыкемер, Құмжота, Үлгілі, Дача Денсаулық, Байзақ, Базарбай, Жібек Жолы, Көкбастау, Ақшолақ, Жанатұрмыс, Амангелді, Түймекент, Ақжар, Қарасу, Көктал, Сұхамбай, Дихан, Аймантөбе, Жеңіс, Мырзатай, Жетібай, Сеңкібай, Абай, Ақмола, Аққия, Бағара, Сарыбарақ, Кеңес, Шахан, Тегістік, Мәдімар, Бөрлі, Қостөбе, Қызылжұлдыз, Ақбұлақ сынды елді мекендерді қамтиды.
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек бөлімшенің жұмысымен танысып, жедел жәрдем қызметкерлерімен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Қызмет барысын талдай келе, бөлімшенің жұмысына тиісті нұсқамалар мнн міндеттемелер беріп, бірқатар нақты ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, бөлімшенің бас дәрігері Венера Балқыбековаға жедел жәрдем қызметін одан әрі дамыту мен тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.