Инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау мәселелері бойынша облыстық семинар өтті

Инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау мәселелері бойынша облыстық семинар өтті
Инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау мәселелері бойынша облыстық семинар өтті
Қалалық көпбейінді аурухана мен консультативтік-диагностикалық орталығының базасында өтіп жатқан «Медициналық ұйымдардағы инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық семинар аясында жетекші мамандар негізгі баяндамаларын ұсынды.
Атап айтқанда, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Талғат Нұрғожин «Дәрілік заттарды ұтымды пайдаланудың ұйымдастырушылық қағидаттары» тақырыбында баяндама жасады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары Манар Смағұл инфекциялардың және антимикробтық төзімділіктің алдын алу бойынша Ұлттық іс-қимыл жоспарын таныстырды. Сондай-ақ, медицина ғылымдарының кандидаты, С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің клиникалық фармакология кафедрасының профессоры, Алматы қаласының штаттан тыс бас клиникалық фармакологы Бибіхан Ералиева медициналық ұйымдарда бактерияға қарсы терапияны оңтайландыру мәселесі жөнінде баяндама оқыды.
Спикерлердің сөзінде антимикробтық препараттарды қолдануға жүйелі бақылау жүргізудің, ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуға бағытталған тиімді стратегияларды енгізудің, сондай-ақ инфекциялық қауіпсіздік саласындағы ұлттық саясатты жүзеге асыруда ведомствоаралық ықпалдастықты арттырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.