Ыстық ауа райында абай болыңыз!
Ыстық ауа райына байланысты жедел жәрдем медициналық қызметіне жүгіну саны айтарлықтай артты.
Жамбыл облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, соңғы күндері шақыртулар саны 20-30%-ға көбейіп, тәулігіне 1700-1800-ге дейін жеткен.
Науқастар көбіне мынадай шағымдармен жүгінген:
- созылмалы аурулардың асқынуы,
- күн өту,
- сусыздану,
- қан қысымының көтерілуі,
- әлсіздік пен бас айналу.
Ыстық күндері әсіресе қарт адамдар, балалар, жүкті әйелдер және жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жолдарының аурулары бар адамдар осал топқа жатады.
Оларға ұсынылады:
- сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін күн астында болмау,
- ашық түсті жеңіл киім кию,
- көбірек су ішу,
- ауыр тағам мен алкогольден бас тарту,
- күн өтудің алғашқы белгілері (бас айналу, жүрек айну, әлсіздік) байқалғанда дереу медициналық көмекке жүгіну.